«Қазақстан» ұлттық телеарнасында премьера: жастар поэзиясына арналған эксклюзивті жоба көрерменге жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 16 тамызынан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан жас ақындардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық «Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартады.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында премьера: жастар поэзиясына арналған эксклюзивті жоба көрерменге жол тартты

Бұл туралы ұлттық телеарнаның баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық телеарналарда поэзияға, әсіресе, жастар поэзиясына арналған жеке бағдарлама жоқ. «Поэзия әлемі» - бүгінгі қазақ ақындарының өмірі мен тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері және олардың поэзиясымен таныстыратын эксклюзивті жоба.

Жобаның мақсаты - поэзияны жаңа қырынан, жаңа форматта таныту, поэзияны оқуда биік талғам қалыптастыру, ағартушылық бағытында жұмыс жасау, бүгінгі қазақ поэзиясының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген жаңа есімдерді анықтау.

Сонымен қатар жеке ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару және оның өміріндегі ең қызықты, ең қайғылы немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез құлқы мен болмысын ашып көрсету шығармашылық топтың негізгі мақсаты болды.

«Поэзия әлемі» бағдарламасының өзге әдеби танымдық бағдарламалардан ерекшелігі жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсірілді.

«Поэзия әлемі» жобасының алғашқы кейіпкері - жастар әдебиетінің көш басында тұрған ақын Маралтай Райымбек .

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 16 тамызда сағат 12.55-те «Поэзия әлемі» бағдарламасын көріңіздер!