«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмдері топтамасының тұсаукесері!

 АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында  «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмдері топтамасының  тұсаукесері өтеді. Бұл туралы Ұлттық арнадан хабарлады.
None
None

«Жаныңда жүр жақсы адам» көп сериялы деректі фильмдер топтамасы қазақ халқының болашаққа деген сенімі, кез келген қиын жағдайда тығырықтан шығуы, жақсылыққа жаршы бола білуі  жайында болмақ. Деректі фильмдер топтамасының мақсаты -  өмірден алынған оқиғаларды бір тележобаға арқау етіп, отансүйгіштік пен адамгершілікті жаңа қырынан насихаттау. Сюжеттің прототиптері - өмірде бар адамдар.

20-шы қарашадан бастап, сағат 18. 25-де дүйсенбі мен жұма күндері аралығында   «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көріңіздер!

Соңғы жаңалықтар