«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы жаңа маусым бүгін екі жаңа телехикаямен басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы жаңа маусым бүгін «Қара шаңырақ» және «Құбылай хан» екі жаңа телехикаямен басталады, деп хабарлады ұлттық арнаның баспасөз қызметі.
None
None

«Қара шаңырақтың» басты кейіпкерлері - қара­пай­ым отба­сын­да өскен үш ағай­ынды жігіт. Үшеуі­нің де негізі жақ­сы, әу баста ата-аналары жақсы тәрбиеге баулыған. Бірақ, түскен орталары, жүрген ай­наласы басқа.

«Қара шаңырақ» картинасының сюжетінің негізінде ағайынды үш бауырдың тағдыры, олардың таңдаған өмір жолдары жатыр. Үлкені Әлішер - белді топ-менеджер, бизнесмен. Алайда, жеке өмірінде бір шешім болмағаннан, түрлі проблемаларға тап болады. Дәулет - ортаншысы, бұрынғы спортшы, қазіргі уақытта бапкер. Жас әнші Линдамен кездесу арқылы ол жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, алға ұмтыла беру қажеттігін түсінеді. Мәди ата-анасымен қалған кенже, әкесінің ісін жалғастырушы - шаруа қожайыны. Ол әкесінің қамқорлығынан шығып, өз өмірінің иесі болуға талпынады. Әрқайсысының жеке өмірлері, тиісінше жеке проблемалары бар және олар барлық жүз серия бойында оларды шешуге талпынады.

Сериал «Қазақстан» телеарнасында 25 тамыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 21.50-де орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.

Бүгін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінде Шыңғысханның немересі, Төлей ұлының өмірі, басқаруы және басып алулары туралы суреттейтін «Құбылайхан» эпикалық драмасының да премьерасы басталады. Телехикаяның сюжеті бірнеше он жылдықты қамтиды және моңғолдардың ұлы династиясы Юанның, одан кейін ұлы қытай империясының құрылуына себеп болған оқиғалар туралы баяндайды.

50 сериядан тұратын тарихи драма Қытай елінде үлкен табысқа жетіп, қымбат жобалардың бірі болды. Телехикая Гонконг, Тайланд, Малайзия, Корея, Тайвань, Вьетнам, АҚШ, Канада елдерінде де үлкен табыспен өтті. Телехикаяның бюджеті 250 млн АҚШ долларын құрады. Туындыда 5 мыңға жуық актер ойнайды. Сондай-ақ, түсірілім жұмыстарына 5 мыңға жуық ат қатыстырылды. Тарихи драманың қоюшы режиссеры - Цуй Сиу Мин.

Дәл осы телехикая Құбылайханның жақыны болған, әкесінің орнын басуға талпынған бүлікшілерді басқарған ұлына қарсы күреске Венециядан жас Марко Поло келген кездегі, батыс пен Шығыс арасындағы алғашқы қатынастардың қалыптасуы туралы баяндайды. Марко Поло кейіннен Юань империясының өмірінің сипаттамасын қалдырған. Марко Полоның баяндауының әсерінен Құбылайхан Батыстағы ерекше танымал тарихи тұлғаға айналып, оның аты жаңадан таныла бастады.

Драмалық оқиғаларға, сарай ішіндегі шытырман мен зұлым ниеттерге, тақ пен жаңа жерлерге иелік ету үшін кескілескен ұрыс пен тартысқа толы көп сериялық әлемдік бестселлердің Қазақстандағы премьерасы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында сағат 19.30-да дүйсенбі мен жұма аралығында орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар