Қазақстан ұнды көбіне қай елдерге экспорттайды

ұн
Фото: Pexels

2023 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда дәнді дақыл мен олардың майда үгіндісі қоспасынан 2,7 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1% артық. Каzinform агенттігі бұл туралы Energyprom ресурсына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шығарылған өнімнің басым бөлігі — майда ұнтақталған бидай ұны. Көлемі — 2,5 млн тонна, жылдық өсім — 1,5%.

Елде сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған 171,8 мың тонна қоспа (жылына минус 2,1%), 5,5 мың тонна майда және ірі көкөніс ұны (минус 40,1%), бидайдан басқа дәнді дақылдардан 4,4 мың тонна майда ұнтақталған ұн (минус 29%) өндірілді.

Өңірлер бойынша Қостанай облысының ұн тартушылары дәстүрлі түрде ең көп ұн шығарды: 992,9 мың тонна, бір жыл ішінде плюс 8,9%.

Екінші және үшінші орында — Солтүстік Қазақстан облысы (314,4 мың тонна, жыл бойынша плюс 11,7%) және Шымкент (268,4 мың тонна, плюс 16,4%).

Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 464,7 млн доллардың ұны экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,7%-ға аз.

Экспорт 1,6 млн тоннаны құрады.

ТМД елдеріне 555,1 мың тонна ұн жөнелтілді — бұл 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 25,5%-ға артық.

Қазақстандық ұнды негізінен Өзбекстан сатып алды: 440,7 мың тонна — бір жыл бұрынғыдан 33,3%-ға артық.

Қазақстан ұнының негізгі сатып алушыларының «үштігіне» Тәжікстан мен Түрікменстан да кірді.

ТМД-дан тыс елдерге 296 млн доллар сомаға 1 млн тонна ұн жөнелтілді.

Мұнда негізгі сатып алушы Ауғанстан болды. Бұл елге 994 мың тонна ұн жөнелтілді — бір жыл бұрынғыдан 8%-ға аз.

Соңғы жаңалықтар