19:41, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Қазақстан-Үндістан саяси кеңестері өтеді
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАпарат - Наурыздың 7-сі күні Үдістанның Нью-Дели қаласында Қазақстан мен Үндістан Сыртқы істер министріліктері арасындағы кезекті саяси кеңестері өтеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Аталған кеңестерге Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай, ал Үндістаннан осы елдің сыртқы істер вице-министрі С.Сингх мырза жетекшілік етпек. «Кеңестер кезінде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы, сауда, инвестиция, энергетика, ақпараттық технологиялар салаларында ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылайды», - деп атап көрсетті А.Әбибулаев.