Қазақстан Үндістанмен әуе қатынасын кеңейту жөнінде келіссөз жүргізеді

АСТАНА. KAZINFORM- Қазақстан мен Үндістан арасында аптасына 18 рейс орындалады. Екі елдің авиациялық ведомстволары әуе қатынасын одан әрі кеңейту мәселесін талқылап, жақын арада келіссөздер жүргізуге уағдаласты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Самолет Scat Скат ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бұл мәселе ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі 7-ші дүниежүзілік конференциясы аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Үндістан Азаматтық авиация министрлігінің хатшысы (министрдің орынбасары дәрежесіндегі) Самир Кумар Синха арасындағы кездесуде қаралды.

Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, халықаралық әуе қатынасын кеңейту және екі елдің авиациялық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Казахстанские авиакомпании могут открыть новые рейсы в Индию
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында аптасына 18 рейс орындалады. Әуе қатынасы мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Алматы – Дели – аптасына 12 рейс, оның 7-еуін Air Astana әуе компаниясы орындайды;
  • Алматы – Мумбай – аптасына 3 рейс, оның 2-еуін Air Astana орындайды;
  • Астана – Гоа – аптасына 1 рейс (SCAT);
  • Алматы – Гоа – аптасына 2 рейс (SCAT және FlyArystan).

Қазақстандық әуе компаниялары Хайдарабад және Ахмедабад бағыттары бойынша рейстер орындауға қызығушылық танытты. Алдын ала мәлімет бойынша, Үндістан тарапы Хайдарабадқа ұшатын рейстер санын кеңейтуге дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада әуе қатынасы мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізуге уағдаласты.

Айта кетейік, Қазақстанда тоғыз айда 24 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды.