Қазақстан Универсиадада медаль саны бойынша үшінші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық Гранадада 13 ақпанда өткен Қысқы Универсиада-2015-тің жарыс күнінен кейін Қазақстан медаль есебі бойынша Оңтүстік Кореяның алдына шықты, деп хабарлады Sports.kz.
Бірінші орында бұрынғыша Ресей, ал корейліктер екінші ұстанымда.
XXVII қысқы Универсиаданың медаль есебі:
1. Ресей 53 медаль (19 алтын, 17 күміс, 17 қола)
2. Корея - 16 (5,9,2)
3. Қазақстан - 10 (5,5,0).