Қазақстан Универсиаданың сегізінші күнінен кейін медаль есебімен 17 -ші орынға ысырылды
Медальға біртабан жақын тұрған 63 келіге дейінгі салмақта палуан Екатерина Ларионова үшінші орын үшін жекпе-жекте Беларус спортшысы Мария Мамашукқа жол берді. Ерлер арасында атыстан командалық есепте қазақстандық Александр Федоров, Андрей Могилевский және Максим Коломоецтер бесінші орынға шықты.
Медаль есебі:
1. Ресей - 181 (93,47,41);
2. Жапония - 54 (15,20,19);
3.Қытай Халық Республикасы - 45 (14,19,12);
17.Қазақстан - 18 (2,7,9)
Қазандағы универсиададағы Қазақстан медальдары (6-17 шілде)
Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);
Күміс (7): Әлихан Жұмаев (күрес), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белдесіп күресу), Руслан Құрбанов (фехтование);
Қола (9): Қазақстан (Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Құрбанов) (фехтование) Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белдесіп күресу).