20:19, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшы рөлін сақтауға ниетті - Қ.Бозымбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан 24 мың тоннадан астам уран өндіріп, осы саладағы әлемдік көшбасшы рөлін сақтап қалуға ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«2016 жылдың наурыз-қаңтар айларында Қазақстан 6 мың тонна уран қазды. 2016 жылдың жалпы жоспары - 24080 тонна уран. Әлемде уран өндірісі бойынша Қазақстан 40 пайыздық үлеспен көш бастап тұр. Осы позициямызды сақтау басты жоспарымыз», - деді Қ.Бозымбаев.
Министрдің айтуынша, уран байыту бағытын жылу және ядролық реакторға арналған жылу бөлетін құрылғыларды өндіру ісіне айырбастау керек. «Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас, бірақ, ештемеге қарамастан бұл істі атқаруымыз керек», - деді Қ.Бозымбаев.