Қазақстан уран өндіру жағынан дүниежүзі бойынша бірінші орынға көтерілді

жылдық жоспарды толық орындады. Жыл соңына дейін ол тағы да кемінде 400 тоннаға дейін ұлғаймақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ux Consalting агенттігінің болжамды деректеріне қарағанда биыл Канадада 9934 тонна, Австралияда 8022 тонна табиғи уран өндірілмек. Ал Қазақстанда қазіргі кезде 21 кеніш жұмыс істеп тұр. Онда табиғи уран өндіру экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан тиімді ұңғымалы жер асты шаймалау әдісімен жүргізіліп келеді. Өнім өндіру көлемі биыл өткен жылмен салыстырғанда 63 пайызға артты. Бұған жаңа кеніштерді іске қосу және бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайтудың арқасында қол жеткізіліп отыр.
«Атом энергетикасының қарыштап дамуына және қосалқы көздер есебінен жүргізілетін жеткізіп берулердің қысқаруына орай 2016 жылдан бастап әлемде табиғи уран тапшылығы байқалатыны болжануда. Қазақстан 2010 жылы уран өндіру көлемін 18 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 2010 жылы жаңадан жоғары технологиялық жобаларын жүзеге асыра бастайды. Атап айтқанда, сирек металдар негізінде ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірісті жасауды, балама қуат түрлерінің қондырғыларын дайындауды қолға алатын болады. Сондай-ақ уран өндірілетін өңірлерді және оларға жақын маңдарды әлеуметтік дамыту бағдарламаларын жалғастырады. Осы мақсаттарға 2010 жылы компания 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлауда», дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның вице-президенті Нұрлан Рыспанов.