Қазақстан үш жыл қатарынан ұн экспорты бойынша алдыңғы орында келеді

СТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ұннан жасалған өнімдер экспорттау бойынша елімізде елеулі әлеует бар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен он-лайн конференция барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті,

Қазақстан үш жыл қатарынан ұн экспорты бойынша алдыңғы орында келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан үш жыл қатарынан ұн экспорты бойынша алдыңғы орында келе жатыр. Биылғы маркетингтік жылдың көрсеткіші 2 миллион тоннадан астам»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан 80-ші жылдардың соңында Кеңес Одағының нарығына және экспортқа қатқыл дәнді бидайдың 80 пайыздан астамын шығарған. Бұл көрсеткіш 4,5 миллион тоннаны құрайды.

«Бізде бұл тұрғыда ұннан жасалған өнімдер бойынша елеулі әлеует бар», -деді вице-министр. Осыған байланысты ол бизнесмендерді макарон зауыттарын құрып, шетел іскер топтарын тартуға шақырды.

«Есептеулер бойынша 2014 жылға дейін Кеден одағы нарығы шамамен 3 миллион тоннадан астам тек макарон өнімдерін тұтынатын болады»,-деді А. Евниев. Вице-министр, бүгіндегі мақсат экспортқа өнімді тек астық түрінде ғана емес, сонымен бірге ұн және басқа да дайын өнімдер күйінде шығару жұмыстары атқарылып жатқанын жеткізді.