Қазақстан үшін этносаралық келісімді қамтамасыз ету негізгі басымдық - Түймебаев

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ - Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді саяси, құқықтық және институционалдық-басқару жүйесі қалыптасты.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл болуына орай өткен конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Бұл – үлкен және маңызды кезең. Көпұлтты Қазақстан үшін этносаралық келісімді қамтамасыз ету маңызды басымдықтардың біріне айналды. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын реттейтін кешенді нормалар бар. Біздің еліміз бастапқыда мәдениеттердің, тілдер мен дәстүрлердің әртүрлілігін мойындайтын азаматтық қоғамдастық құру жолын таңдады. Екіншіден, мемлекет дәйекті түрде ұлттық саясаттың ойластырылған стратегиясын жүзеге асыра отырып, ұлтаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықтың кепілі ретінде әрекет етеді. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы және басқа құжаттар қабылданды», - деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

Оның айтуынша, Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында азаматтық теңдіктің нақты институционалдық тетіктері құрылды және ол үнемі жетілдіріліп отырады. Негізгі институт – 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы. ҚХА құрылған кезінен бастап өзінің қанатының астында маңызды қоғамдық инфрақұрылымды құрды және біріктірді.

«Этностардың мәдениетін, тілдерін және дәстүрлерін дамыту үшін жағдай жасалғанын атап өткен жөн. Ұлттық театрлар, этникалық бұқаралық ақпарат құралдары бар. Қазақстандық этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілдерін дамытуды қолдау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінеді. Осылайша, Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді саяси-құқықтық және институционалды-басқару жүйесі қалыптасты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар