«Қазақстан үшін күрес» онлайн-турниріне тіркеу басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы World of Tanks бойынша «Қазақстан үшін күрес: Финал» онлайн-турниріне тіркеу басталды.
Турнир онлайн-трансляцияда «Шабуыл/Қорғаныс» форматында өтеді және Алматыда ауқымды шарамен аяқталады. Онда «Қазақстан үшін күрестің» үш маусымының үздік командалары жиналады.
Турнирдің басты оқиғасы 12 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында болады. Шара кезінде құрастырушылармен кездесулер, жеке байқаулар мен ойындар және шоу ұйымдастырылады.
Турнир екі форматта өтеді: командалық және жеке жарыстар.
Жеке жарыс 12 желтоқсанда Спорт сарайында басталады. Алдын ала тіркелу қажет емес, оған кез келген келуші қатыса алады. Жарыстан бөлек, Гранд-финалға келушілер арасында турнир серіктестерінің сыйлығы ойнатылады.
Турнир сыйлығының қоры:
I орын - 5 000 000 теңге + 300 000 команда үшін;
II орын - 2 000 000 теңге + 200 000 команда үшін;
III орын - 1 000 000 теңге + 100 000 команда үшін;
IV орын - 350 000 теңге + 70 000 команда үшін.
«ҚазАқпарат» ХАА турнирдің бас ақпараттық әріптесі.
Толығырақ ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.