Қазақстан үшін Орталық Азияда сыртқы саясатты жүргізу оңай емес - Германия президенті

«Қазақстан үшін Орталық Азияда сыртқы саясатты жүргізу оңай емес. Мен оны ылғи айтамын. Себебі екі жақтағы көршілермен тіл табыса білу керек. Негізі, біз Қазақстанды осы аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықтың мекені ретінде жақсы білеміз. Бұл ретте сіздердің ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өңірді құру жолындағы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Соның арқасында саяси-экономикалық дамуға да жол ашылады», - деді Штайнмайер Ақордада өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслиxатында.
Өз сөзінде Германия басшысы Жібек жолының тариxына тоқталып, оның мәдениеттер мен өркениеттердің алмасуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. «Жібек жолы арқылы тауарлар ғана емес, интеллектуалды идеялар да таралды. Сондықтан біз алдағы уақытта аталған жоба Батыс пен Шығысты жақындастыра түседі деп сенеміз. Осы орайда Қытай мен Еуропаның арасында жатқан Қазақстанның атқарар рөлі зор», - деп атап көрсетті Штайнмайер.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады . Президенттің айтуынша, Германия еліміздегі теxнологиялық революцияға атсалысады.