Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатына тағы екі жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық үстел теннисі федерациясы қазақстандық спортшы Анастасия Лаврованың жекелей және Кирилл Герасименкомен бірге аралас сында әлем чемпионатына лицензия алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, үстел теннисінен биылғы әлем чемпионаты 20-28 мамырда Дурбан қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) өтеді.
Аталмыш дүниежүзілік додада Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды.
Кирилл Герасименко – жекелей, жұптық және аралас сында;
Алан Құрманғалиев – жұптық сында;
Айдос Кенжеғұлов – аралас сында;
Денис Жолудев – жұптық сында;
Сағынтай Құрмамбаев – жұптық сында;
Зәуреш Ақашева – жекелей, жұптық және аралас сында;
Анастасия Лаврова – жекелей, жұптық және аралас сында;
Сарвиноз Миркадирова – жекелей сында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос спортшының үстел теннисінен әлем чемпионатына жолдама алғанын жазған болатынбыз.