Қазақстан ұзақ жылдар бойы әлемдік процестерден тыс өмір сүретіндей ойлады - Е.Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің бір кемшілігіміз - ұзақ жылдар бойы әлемдік процестердің шетінде өмір сүретіндей ойлап келдік, - дейді бүгін ХІІІ Еуразиялық медиа форум аясында журналистерге пікірін жеткізген белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин.

Қазақстан ұзақ жылдар бойы әлемдік процестерден тыс өмір сүретіндей ойлады - Е.Қарин

«Жалпы, әлемдегі шиеленістерге байланысты, мемлекеттердің түрлі белсенді топтары арасында диалог, қарым-қатынас барынша көп болуы керек. Міне, Еуразия медиа форумының бір артықшылығы осы», - дейді Е.Қарин.

«Біздің бір кемшілігіміз - ұзақ жылдар бойы әлемдік процестердің шетінде өмір сүретіндей ойлап келдік. Яғни, әлемде болып жатқан процестердің бізге еш қатысы жоқ деп ойладық. Бірақ, қазір көріп отырғанымыздай, Ауғанстанда, Таяу Шығыста, Оңтүстік Африкада болып жатқан жағдайлардың кері әсері қалай болғанда да басқа елдерге, соның ішінде, Орталық Азия аймағына да тиюі мүмкін. Алып мемлекеттер арасындағы теке тірестің салқыны бізге де тие береді. Сондықтан, біздер де саяси диалогтың дамуына үлесімізді қоса беруіміз керек», - деді Еуразия медиа форумының жұмысына баға бере келе Е.Қарин.