Қазақстан велоспортшылары Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан велоспортшылары Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды

Дүбірлі дода кеше басталған болатын. Бахрейнде өтіп жатқан жарыста ел намысын «Астана» велоклубының шабандоздары қорғады.

Олар: Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бахтияр Қожатаев, Андрей Зейц және Жандос Бижігітов.

Екінші орынды Жапония шабандоздары иеленсе, үздік үштік Гонконг спортшылары түйіндеді.