11:00, 22 Ақпан 2025 | GMT +5
Қазақстан велотрекшілері Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM - Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.

Командалық із-кесу жарысындағы Қазақстанның нәтижесі 3:59.215.
Қазақстан құрамасы: Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков
Жарыста бірінші орынды Оңтүстік Корея, екінші орында Жапония құрамасы жеңіп алды.
Осыған дейін конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталғанын жаздық.