Қазақстан Венаға тікелей әуе рейсін қайта ашуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Австриямен тікелей әуе қатынасын қайта жандандырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Астанада көлік және инфрақұрылым саласы бойынша Қазақстан-Австрия жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

«Отырыс ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың және Австрия Республикасының Көлік, инновация және технология министрлігінің Бас хатшысы Андрес Райхардтың тең төрағалығымен өтті. Кездесу барысында тараптар екі елдің көлік тасымалдарын дамыту, көлік дәліздерін құру, транзит, көліктегі цифрландыру мәселелеріне қатысты соңғы өзгерістер туралы ақпараттармен алмасты», - делінген Азаматтық авиация комитетінің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап екі ел арасындағы тікелей әуе байланысын жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, жуық арада осы мәселе бойынша келіссөздер бастауға дайын екендігін жеткізді. Австриялықтарға Астана мен Венаны жалғайтын тікелей әуе рейсін ашу ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар