Қазақстан-Венгрия инвестициялық қоры ауыл шаруашылығына 100 млн доллар тартады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Венгрия бастапқы көлемі 40 миллион доллар болатын бірлескен инвестициялық қор құруда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, аталған уағдаластық ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Мажарстан еліне жасаған сапары барысында қол жеткізілді.

«Қазақстан-Венгрия инвестициялық қорының құрылуы екі елдің қарым-қатынасын нығайтатыны сөзсіз. Ауыл шаруашылығында үлкен әлеует барын ескерсек, бұл - үлкен оқиға. Біздің елдердің мүмкіндіктерін бағамдайтын болсақ, құрдың құрылуы технологияларды трансферттеуге, венгриялық және еуропалық елдердің инвестицияларын тартуға мол мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, алғашқы капитализация 40 миллион долларды (әр елден 20 млн доллардан) құрамақ. Сонымен қатар қор бірлескен жобаларға қосымша 100 миллион долларды тартуды көздеп отыр. Қор Қазақстанның , өңдеу, логистика, аграрлық және тамақ өнеркәсібі салаларындағы компанияларға ақша салады.

Болашақта «ҚазАгро» осындай қорларды Қытай, Ұлыбритания елдерімен де құруды межелеп отыр.
ҚР АШМ мәліметтері бойынша, 2015 жылы ауыл шаруашылығына 167 млрд. теңге тартылған.
Казахстанско-венгерский фонд Казахстанско-венгерский фонд Казахстанско-венгерский фонд Казахстанско-венгерский фонд Казахстанско-венгерский фонд Казахстанско-венгерский фонд

Соңғы жаңалықтар