Қазақстан волейболшылары Германиядан ұтылып қалды

Кездесудің алғашқы минуттарынан шабуылға ден қойған немістердің қарқынына төтеп бере алмаған алаң иелері допты қабылдау кезінде қателіктер жіберіп жатты. Соның салдарынан Германия құрамасы үш партияда жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 0:3 (21:25, 19:25, 25:27).
«Біз өз қарсыластарымызға тым көп құрмет көрсетіп қойған сияқтымыз. Германия құрамасының күші, тарихы мен атағы жайлы бәрімізге мәлім, бірақ бізге өз ойынымызды ойнау керек еді. Бұдан бөлек, біз басқа ойыншылар келеді деп күткен болатынбыз, ал жаңа құрамның келуі біз үшін тосын жайт болды», - деп атап өтті Қазақстан құрамасының бас бапкері Рафаиль Гилязутдинов.
«Бастапқы екі партияда біз өзімізді жақсы жағынан көрсеттік және оған ойын есебі куә. Үшінші партияда қарсыластарымыз ойынды өз арнасына бұрғандықтан, осы өзгерістерге үйрену үшін біз бірталай уақыт кетіріп алдық. Алайда, толық жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз, - деді Германия құрамасының бас бапкері Витал Хейнэн.
Атап өтейік, Әлемдік лиганың екінші іріктеу кезеңінде үшінші топта өнер көрсеткен Испания құрамасы 1:3 (20:25, 22:25, 26:24, 20:25) есебімен Қытайлық Тайпейге есе жіберді.