Қазақстан ВТБ банкінің басқарма төрағасы тағайындалды
Бұл тағайындау жайында түсінік берген Еншілес компаниялар департаментінің басшысы ВТБ Банкінің аға вице-президенті Михаил Якунин былай атап өтті: «Біз Дмитрий Забеллоның банк бизнесіндегі көп жылғы тәжірибесін жоғары бағалаймыз және бұл тағайындаудың ВТБ Банкінің Қазақстандағы Еншілес банкінің сәтті дамуының жаңа кезеңі үшін бастама болып табылатынына сенімдіміз».
«Бүгінде әмбебап ВТБ банкі Қазақстанда кәсіби команданың үйлесімді жұмысы мен ВТБ халықаралық қаржы тобының бизнес-тәжірибесінің арқасында корпоративтік және бөлшек секторларда тұрақты позицияларға ие болып отыр. Мен өзімнің барлық білімімді және тәжірибемді акционерлер қойған мақсаттарға жұмылдыруға ниеттімін», - деп атап өтті Дмитрий Забелло.
ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынды алады. Бүгінде ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан.