23:03, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан WTF таэквондо федерациясының жаңа президенті сайланады
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - 11 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының WTF таэквондо федерациясының кеңейтілген конференциясы өткізіледі. Аталған жиында бірқатар маңызды мәселелер шешіледі, сонымен қатар 2013 жыл бойынша спорттық нәтиже және басқа да жүзеге асырылған жобалар бойынша есеп беріледі.

Жиынның басты мақсаты - Қазақстан WTF таэквондо федерациясының жаңа президентін сайлау.
Қазақстан WTF таэквондо федерациясы 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Федерация құрылған кезден бастап оның президенті қызметін ҚР Парламент Сенатының депутаты (2002-2008 ж.), «Құрмет» орденінің иегері, таэквондодан қара белбеу 5-дан иегері Исабеков Шамсат Жақсылықұлы атқарды.