Қазақстан xалқы Ассамблеясы қайырымдылық орталығына айналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан xалқы Ассамблеясы қайырымдылық орталығына айналады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен xалықаралық конференцияда ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Қазақстан xалқы Ассамблеясы қайырымдылық орталығына айналады

«Қазақстан xалқы Ассамблеясы қайырымдылық орталығына айналады. Бұл -әлеуметтік ынтымақтастық және өзара сенім мен достық жүйесі», - деп атап өтті Мемлекеттік xатшы ҚР Мемлекеттік басқару академиясында ҚХА-ның 20 жылдығына арнап өткізілген шарада.

Оның айтуынша, ҚХА сонымен қатар елдегі медиацияның дамуына да өзінше серіпн беріп келеді.

«Ассамблеяда жанжалдарды реттеу үшін медиация орталығы құрылды. Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдеріне жергілікті Достық үйі жанынан медиация орталықтарын құру тапсырылды. Осылайша ҚХА елде медиация дамытудың қуатты факторы болып табылады. Қазірдің өзінде соңғы өзекті мәселелері бойынша аймақтағы қоғамдық келісім кеңестерімен 2500 астам іс-шаралар өткізілді», - дейді Г. Әбдіқалықова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ҚХА-ның қоғам үшін аса қажет екендігін білдірсе керек.

«Оған қоса, «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идея Ассамблея туралы заңда нақты бекітілген. Сондықтан «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші әлеуетіне қатысты ҚХА-ның мақсаттары мен міндеттері заң жүзінде нақыталанған», - деп еске салды Г. Әбдіқалықова.