Қазақстан Зейнетақы қорларының халықаралық қауымдастығын басқаруға кірісті
«Биыл бастап Қазақстан Зейнетақы және әлеуметтік қорларының халықаралық қауымдастығын басқаруға кірісті. Бұл - біздің әріптестік ұйымымыз. Оған ТМД елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорлары кіреді. Осы орайда Қазақстанның Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру саласындағы еңбегін ерекше атап өткен жөн. Себебі xалықты әлеуметтік қорғау жүйесі - аса қиын меxанизм. Оны уақыт талабына қарай жетілдіріп отырған дұрыс. Естуімше, қазіргі кезде Қазақстан барлық салаларды жаңғырту, тіпті қоғамдық сананы жаңғырту бастамаларын көтеріп жатыр. Осыны мен толығымен қолдаймын», - дейді Х.Конколевски.
Оның айтуынша, еліміздің әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қазіргі тәжірибесін ескерсек, болашақта тиімді жүйені қалыптастыруға әбден болады.
Айта кетейік, Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі халықаралық қауымдастыққа әлемнің 150 мемлекеті кіреді. Ал зейнетақы қорларының Халықаралық қауымдастығына ТМД-ның 9 елі мүше. Қазақстан дәл осы ұйымға төрағалық етеді.