Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды.

волейбол
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының атынан бұл турнирге ерлер арасында Әлихан Ағабек және Оразалы Сағыныш бақ сынайды. Олар «Е» тобында өнер көрсетіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларымен кездеседі.

Ал әйелдер арасында Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет сынға түседі. Олар «G» тобында өнер көрсетіп, Латвия, Венесуэла және Канада командаларына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 12 шілдеге дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатқанын хабарлағанбыз.