Қазақстан жалпыға білім беру саласында әлемде 1-ші орынға шықты

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан ЮНЕСКО-ның «Теңсіздікті жеңу: басқарудың маңызды рөлі» тақырыбында баршаға білім беру бағытында жүргізген мониторингінің нәтижесі бойынша әлемде 1-ші орынға шықты.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дамыту стратегиясы департаментінің директоры Серік Ырсалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.С.Ырсалиевтің айтуынша, Қазақстан баршаға білім беру индексі бойынша Жапония, Ұлыбритания, Германия және басқа да дамыған 129 елді басып озған. «Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізуі еліміздегі мектепалды даярлық пен 11 жылдық орта білімнің баршаға міндетті және ақысыз болуымен тікелей байланысты. Білім беруді қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы бюджет 2007 жылмен салыстырғанда 25,7 пайызға өсті», - деді ол. Білім беруді дамыту индексі төрт көрсеткіш бойынша анықталды ? жалпы бастауыш біліммен қамту коэффициенті, 15 жастан асқан ересектердің сауаттылық деңгейі, әйелдер мен ерлердің білім саласындағы гендерлік тепе-теңдігі және бастауыш сыныпты оқып бітірген оқушылардың саны. Зерттеуге қатысқан 129 елдің тек 56-сы ғана аталмыш мақсаттарға жеткендігі анықталды. 44-і бұл жетістіктерге толығымен жетуге талпыну үстінде. Ол елдер бастауыш біліммен қамту жағынан жоғары көрсеткішке ие болғанымен, ересектердің сауаттылығы мен білім сапасы сияқты басқа бағыттарда қалыс қалған. Әлемдегі жалпы білім беру жағдайына тоқталған С.Ырсалиев: "Бүгінде әлемде 75 миллионға жуық бала бастауыш біліммен қамтылмаған, сондай-ақ 776 миллион ересек адамдар мүлдем сауатсыз, ал болжам бойынша 2015 жылға қарай дүниежүзінде сауатсыз балалардың саны 29 миллион шамасында болады», - деді.
Соңғы жаңалықтар