Қазақстан жанармайға деген тәуелділіктен 2014 жылы біржола құтылады - Премьер-Министр

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың пікірінше, Қазақстан жанармайға деген тәуелділіктен 2014 жылы біржола құтылады. Бұл пікірін Үкімет басшысы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында білдірді.
None
None

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінде елдегі жанармайға қатысты мәселенің басты себебі - мұнай өнімдерін өндіру қуатымен байланысты. «Яғни, Мемлекет басшысы елдегі үш мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау жөніндегі алдыға қойған міндеттер 2014 жылы толық аяқталады. Осы кезде біз елді жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге қатысты тәуелділіктен біржола ажыраймыз. Ал оған дейін біз көптеген түрлі жағдайларға тәуелді боламыз. Өйткені, бізде мұнай өнімін өндіру қуаты жетіспейді. Дегенмен біз мұнай өнімдеріне қатысты қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайды реттеуге барымызды саламыз»,-деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар