Қазақстан және Армения сауда-экономикалық ынтымақтастығын арттыру шаралары талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-11 тамыз аралығында Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев Арменияның Ауыл шаруашылығы министрі Серго Карапетян және Қорғаныс министрі Серан Оганянмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Қазақстан және Армения сауда-экономикалық ынтымақтастығын арттыру шаралары талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрімен кездесу барысында Елші Қазақстан және Армения арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық барысымен таныстырып, оны арттырудың шараларын ұсынды.

Кездесуде жаңа көліктік бағыттарды белсенді пайдалану туралы пікілер айтылды, Тауарларды көршілес Иран елінің аумағы арқылы алып өту туралы айтылды.

Аймақтың аграрлық бағытын ескере отыра, тараптар келешектегі біріккен өндіріс орындарын жақсартып, консервленген жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізудегі ынтымақтастыққа арнайы ден қойды.

Елші мен С. Карапетян екі елдің арасындағы сауда әлеуетін жақсарту жолдарын сараптап, жақын арада өтетін екіжақты үкіметаралық комиссияның қарсаңында нақты ынтымақтастықты жандандырудың жаңа тәсілдерін табуда белсенді түрде біріге жұмыс жүргізудің қажеттігін атап өтті.

2016 жылдың 11 тамызында Елші Оразаев Армения Қорғаныс министрі Серан Оганянмен кездесті.

Кездесу барысында жақын күндері Ереван қаласында өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс министрлерінің мәжілісін өткізуге дайындығы сарапталды. Сонымен қатар, кездесуде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, қақтығыстар аумағындағы желілердегі тұрақтылық сұрақтары талқыланып, бітімгершілік миссияларға қатысу тәжірибелері, Ауғанстандағы қазіргі әскери жағдай барысындағы ынтымақтастасу мониторингі, сонымен қатар жоғарғы әскери оқу орындарындағы маман кадрлерін дайындау мен оқу-жаттығу шаралары талқыланды.

null null