04:22, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының ойыны 26 наурызда өтеді - футбол
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан мен Әзербайжанның құрамалары арасындағы достық кездесуінің өтетін уақыты жария етілді, деп хабарлайды sports.kz сайты.

Кездесу 26 наурызда өтеді, ойын жергілікті уақытпен 17.00-де басталады (Астана уақыты бойынша 21.00), деп жазады Azerisport.com сайты.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ойын Түркияның Анталиясында өткізіледі.