«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары Дохада өтетін бокстан әлем чемпионатын көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының 6-сы мен 15-ші жұлдызы аралығы Катар астанасы Доха қаласында бокстан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Аталған сында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ.

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары Дохада өтетін бокстан әлем чемпионатын көрсетеді

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем чемпионатына дайындықты құрамында қазіргі әлем, Азия және Азиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және жуырда ғана аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко бар Қазақстан құрамасы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен пысықтаған болатын.

Қазақстан құрамасының толық құрамы: - 52 келі - Олжас Сәттібаев.

- 56 келі - Қайрат Ералиев.

- 60 келі - Закир Сафиуллин.

- 69 келі - Данияр Елеусінов.

- 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы.

- 81 келі - Әділбек Ниязымбетов.

- 91 келі - Василий Левит.

- +91 келі - Иван Дычко.

«Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы бокстан өтетін әлем чемпионатын 6 қазан күні басталатын алғашқы айналым сындарынан бастап ақтық сындар өтетін 15-ші қазанға дейін толығымен көрсетпек.

Алғашқы айналым сындары мен ширек финалдық кездесулер «Kazsport» телеарнасының эфиріне жоспарланған. Ал жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерді көрермендер «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре алады.