«Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы спорт жанкүйерлеріне және еуропалық футбол жарысында қазақстандық клубты қолдайтындарға сыйлық жасамақшы.

«Қазақстан» және «Кazsport»  телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді

Еурокубоктың қонақ матчын көрсету туралы шетелдік серіктестермен келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық және израильдік футбол клубтары 9 шілде күні еуропа Лигасының бірінші білікті раунды шеңберінде Иерусалимде кездесу өткізеді.

Алаңда «БЕЙТАР» (Израиль-Иерусалим) және «ОРДАБАСЫ» (Қазақстан-Шымкент) бақ сынасады. Астана уақыты бойынша 22.50-де «Кazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал 10 шілде күні осы телеарнада сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауы болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл қарсыластар арасындағы екінші матч болмақшы. 2 шілде күні құрамалар Шымкентте өзара кездесу өткізген болатын. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

15 шілдеде (шілденің 14-нен 15-не қараған түні) сағат 00.30-да «Қазақстан» ұлттық телеарнасы елордалық «Астана» мен Словенияның «Марибор» футбол клубы арасында өтетін кездесуді тікелей эфирде көрсетсе, 15 шілдеде «Кazsport» телеарнасы сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауын ұйымдастырады, деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиосының баспасөз қызметі.