Қазақстан және Қырғызстан Үкімет басшылары екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі А.Атамбаевпен кездесті
«Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі А.Атамбаевпен кездестім. Екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқыладық», - деп жазған К.Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz , сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov .