Қазақстан және Ресей оқушылары бірігіп «Қаражорға» биледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының 103 гимназия және Хабаровск қаласының 26 гимназия оқушылары бірі-бірімен тікелей эфирде байланысқа шықты. «Салауатты өмірге үйрену» телекөпірі барысында Қазақстан мен Ресейдің оқушыларын өз білімдерін тексеріп, әрқайсы өз елінің дәстүрі жайлы баяндады.

Қазақстан және Ресей оқушылары бірігіп «Қаражорға» биледі

Сондай-ақ, оқушылар бірігіп «Қаражорға» биледі. Бұл ұсынысты қазақстандық оқушылар тастады. Ресейлік оқушылар дәруменге толы тағамдар дайындап, денсаулық туралы ән шырқады.

Аталған іс-шара «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Бұл халықаралық жобаға әлемнің 7 мыңнан астам оқушылары қатысып жатыр.

«Телекөпір біздің оқушыларымыз бен қызметкерлерімізді заманауи өмір деңгейіне икемдеуге аса қолайлы құрал. Бұл өмірдің бұлжымас бөлігі бала кезден-ақ көңіл бөлуді талап ететін - дұрыс тамақтану тәртібі. Осының арқасында оқушыларымыз мектеп табалдырығынан аттағанда денсаулығы мықты, білімі жақсы, ақпараттық технологияны меңгерген, көрші елдерде достары да бар өзіне өзі сенімді адам боп қалыптасады» - дейді Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертхананың бөлім жетекшісі Татьяна Ежова.

Айта кету керек, «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында театрландырылған қойылымдардың фестиваль-байқауы өтті. Оған Алматы қаласындағы 21 мектептің оқушылары қатысты.