Қазақстан және Ресей СІМ басшылары Мәскеуде кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қаңтарда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавров Мәскеуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Қ.Әбдрахмановпен кездеседі. Бұл туралы Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова күнделікті брифинг барысында хабардар етті.

Қазақстан және Ресей СІМ басшылары Мәскеуде кездеседі

Министрлер Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, күнтәртібіндегі өңірлік және халықаралық тақырыптар бойынша іс-қимыл жасасуға егжей-тегжейлі шолу жасайды.

«Басты назар Ресей мен Қазақстанның ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылға аударылады. БҰҰ ҚК ынтымақтастығы тақырыбын талқылау да көзделген. Белгілісі, Қазақстан 2017-2018 жж. БҰҰ органының тұрақты емес мүшесі ретінде Азия-Тынықмұхит мемлекеттерінің үлкен тобының мүддесін қорғайды», - делінген Ресей СІМ ресми сайтындағы хабарламада.

Сондай-ақ, 2017-2018 жж. екі мемлекеттің сыртқы істер министрліктерінің арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қою көзделген, оның ішінде Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыс орнауының 25 жылдығына арналған іс-қимылдар бар. Еске сала кетсек бұл 1992 жылы 22 қазанда болған.

«20 қаңтардағы кездесу көпдеңгейлі Ресей-Қазақстан диалогының және одақтас мемлекеттер мен стратегиялық серіктес екі елдің сыртқы саяси ведомствосының қызметін үйлестірудің кезекті оқиғасы болмақ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Астана процесі аясындағы келіссөздер 23 қаңтарға жоспарланған.