Қазақстан – Жапония текетіресінде Зарина Диястың неге ойнамайтыны белгілі болды

теннис
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Токиода 12-13 сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының Жапониямен іріктеу матчында Зарина Диястың алғашқы күні неге ойнамайтынын түсіндірді. 

Диас Досқараевтың айтуынша, Зарина жарақатына байланысты екі жыл жарыстан тыс қалғандықтан, әлі толық қалпына келе қойған жоқ. 

«Соған қарамастан, Зарина Токиоға 10 күн бұрын келіп, тынбай жаттығып жатыр. Ол үшін ел намысын қорғау қашанда абырой. Команда капитаны бәсекеден кемінде бір сағат бұрын ойыншыны алмастыра алады. Сондықтан әлі де көреміз», - деді Д.Досқараев. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың жұптық сында Мексикадағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. Анна Данилина Қазақстан – Жапония матчын бастайды. 

Соңғы жаңалықтар