Қазақстан Жапониядағы қалған отандастарымызды елге әкелу үшін тағы да арнайы рейс жіберді - СІМ

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - 18 наурызда кешке Жапониядан оралуға ниет білдірген отандастарды Қазақстанға жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Нагоя қаласының Чубу Халықаралық әуежайына қонады деп күтілуде.

Қазақстан  Жапониядағы  қалған отандастарымызды   елге әкелу үшін тағы да арнайы рейс жіберді - СІМ

Бұл туралы сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұшақ жергілікті уақыт 22.20-де (жергілікті уақытпен) әуеге көтеріледі деп жоспарлануда.

Егер Жапонияда қалған қазақстандықтар арасында осы ұшақпен елге оралуға ниеттілер болған жағдайда, Қазақстан елшілігінің қызметкерлерімен 090-8779-2706, 080-6753-3535, 080-4383-130 ұялы байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 15 наурыз күні таңертеңгі сағат 8-де бортында Жапониядан елге қайтарылған 85 азамат бар ҚР ТЖМ-нің Ту-154 ұшағы Алматы әуежайына қонды. Оның 69-ы Қазақстан, 16-сы Қырғызстан азаматтары.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Токиода сезіліп, ғимараттардың ішінде жиһаздар құлап, терезе шынылары зақымданған. Жер сілкінісінің қуаты 8,9 балды құраған. Ал зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. 17 наурыздағы мәліметтер бойынша, жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 15 мың адамнан асады. Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады. .Полиция мәліметтеріне сүйенсек, опат болғандардың саны 5 мың 426 адамды құрайды. Ал 9 мың 594 адамнан хабар-ошар жоқ.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурыз күні Жапонияны шарпыған сұрапыл табиғи апатқа байланысты, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Күншығыс елінің халқына көңіл айту жеделхатын жолдады. Қазақстан осыншама қасіретті кезеңде достас жапон халқына жан-жақты жәрдем беруге, оның ішінде гуманитарлық көмек, құтқарушылар мен өзге де қажетті мамандарды жіберу арқылы қол ұшын беруге дайын екендігін білдірді. Бүгінгі таңда жапон тарабы көмектің нақты мөлшері мен түрін айқындауда.