Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар бүгін өз тобында Иран құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Әуелі Ева Корышева жарты сағат ішінде Фарда Алимиді тас-талқан етті – 6:0, 6:0.

Ариана Гогулина Ясаман Язданидан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Жұптық сында Е.Корышева мен Сәтима Төреген қарсыластарын 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

Ертең Қазақстан Өзбекстан құрамасымен шеберлік байқасады.

Ширек финал жеребесі 20 сәуір күні кешкісін тартылады.

Іріктеу турнирінде үздік атанған үш команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар