Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет үздік бестікке енді
АСТАНА. KAZINFORM - Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды.
Сергей Квактың шәкірттері бесінші орын үшін бәсекеде Франция құрамасымен кездесті.
Топтық бәсекеде қазақстандықтар франциялықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын.
Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Екінші бәсекеде Заңғар Нұрланұлы Муаз Куамеге есе жіберді - 1:6, 2:6.
Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай - Даниэль Тазабеков Муаз Куаме - Даниэль Жадты тізе бүктірді - 6:3, 1:6, 10:5.
Өткен жылы командалық әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-орынға іліккен еді. Бұл жолы көрсеткішін едәуір жақсартып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан - Корея матчында Зарина Диястың қарсыласын ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді.