16:56, 21 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатына жолдама алды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі мәресіне жетті.

1-2 орын алған командалар 29-шы жастар арасындағы Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды. Аталмыш дода биыл Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
Жігіттер:
1. Иран
2. Қазақстан
3. Өзбекстан
4. Қырғызстан
Қыздар:
1. Иран
2. Өзбекстан
3. Қазақстан
4. Қырғызстан
Осылайша, Қазақстан жігіттер командасы Азия чемпионатына тікелей жолдама иеленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина қатысатын Мадрид турнирінің жеребесі тартылғанын жазған едік.