Қазақстан Жастар конгресі мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтуді қалаушы жастардан құжаттарды қабылдай бастады
қоғамдық бірлестігінің ректоры Борис Рябуха мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Б.Рябуханың айтуынша, «Мемлекеттік қызмет мектебі» (МҚМ) жұмыс істей бастаған 6 жылдың ішінде 2,5 мыңнан астам жас мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтіп, олардың дені жұмысқа орналасты. 2009 жылғы оқу жылына қабылдау Қазақстанның 7 аймағында жүргізіледі. Олар - Алматы, Тараз, Көкшетау, Петропавл, Астана қалалары мен Ақтөбе және Қарағанды облыстары.
Оқуға 18-29 жас аралығындағы жастар қабылданады. Мектепке қабылдау үш кезеңнен тұрады - құжаттарды қабылдау, ҚР заңнамаларын білу бойынша тест тапсыру және талапкердің мамандығына сәйкес мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен өтетін сұхбаттасу.
Мемлекеттік құрылымдардағы үш айлық тәжірибеден кейін, сынақ мерзімін өтеуші жинаған білімдерін шығармашылық жұмыс ретінде ұсынуы тиіс болады. Өз кезегінде «Қазақстан Жастар конгресінің Мемлекеттік қызмет мектебі» мамандығы көрсетіліп жазылған дипломды табыстайтын болады.
Айта кетерлігі, жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің қолдауымен жүзеге асырылуда. Құжаттар үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 20-сына дейін қабылданады, оқыту - тегін.