Қазақстан жастар құрамасы «Милан» жастарымен кездеседі

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында Италияның «Милан» командасының футбол базасы «Миланеллода» оқу жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасай отырып, «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады.

Қазақстан жастар құрамасы «Милан» жастарымен кездеседі

Ал 2 мамырда жастарымыз «Милан» командасының жастар құрамасымен халықаралық жолдастық кездесу өткізеді. «Миланның» жастар құрамасында Андреа Петанья, Бриан Кристанте, Симоне Андреа Ганц, Филипп Просеник (Австрия), Боатенг (Гана) сынды футболшылар ойнайды. Бұл Қазақстан мен Италия футболы арасындағы алғашқы кездесу болмақ.