Қазақстан жастары қарудан оқ ату жарысына қатысады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы маусымда тұңғыш рет Қазақстанда Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында жастардың «Айбын» атты республикалық әскери-патриоттық жиыны өтеді.
None
None

«Шараға еліміздің барлық аймағынан 800-ден астам жас буын өкілі қатысады. Жастар мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің имиджін арттыру және дене даярлығы мен спортты насихаттау өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі басым бағыттар болып табылады.

Жастардың бойында өзінің Отанын қорғауға дайын жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттері қалыптасуы тиіс. Осы мақсатта тұңғыш рет Қазақстанда республикалық әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтар, спорттың әскери қолданбалы түрлері бойынша облыстық және қалалық сайыстардың жеңімпаздары, республикалық әскери мектеп интернаттарының, «Жас ұлан» республикалық мектебі мен «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері қатысады», - деп атап өтілген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Сайыс бағдарламасына жастардың дене даярлығын айқындайтын негізгі күштік жаттығулар мен спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстар енгізілген. Жарыс бағдарламасына белтемірге тартылу, 100 метрде АК-74-тен оқ ату, пневматикалық винтовкадан ату, сондай-ақ әскери-медициналық дайындық қамтылады.

Соңғы жаңалықтар