Қазақстан жастарының 30 пайызы Алматыда тұрады - Бақытжан Жұмағұлов
МАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз биыл оқу жылын білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасымен қарсы алып отырмыз. Оны Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Алматыда өтіп жатқан білім беру қызметкерлерінің он-лайын жүйесіндегі "Отбасы. Мектеп. Қоғам - игілікті болашақ үшін" деген тақырыптағы тамыз кеңесінде айтты.
"Жаңа бағдарламаның ең басты бағыттары - білім сапасы, ұстаз мәртебесінің деңгейін көтеру, электрондық жүйеге көшу. Оның басы бүгінгі конференцияда басталып отыр. Алматыда бізді қазір 16 мың ұстаз көріп отыр", - деді Бақытжан Тұрсынұлы. Оның айтуынша, Алматы жастардың қаласы. Онда Қазақстан жастарының 30 пайызы тұрады. Алматы еліміздің ғылыми және мәдени орталығы. Мұнда көп санды және білікті барлық деңгейдегі педагогтар ұжымы шоғырланған. Мектепке дейінгі, орта, кәсіби және жоғары деңгейдегі білім беру саласының қызметкерлері мен жоғары, орта және жалпы орта білім беру мекемелерінің көбі осында.