Қазақстан жастарының елорданы құттықтауларын ел картасы аясына топтастыру шарасы өтеді

None
None
СТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Ертең, шілденің 5-інде ҚР Қаржы министрлігі алдындағы алаңда Қазақстан жастарының елордаға арналған құттықтауларын ел картасы аясына топтастыру шарасы өтеді.

Елорда күні мерекесіне орай еліміздің әрбір тұрғыны астанаға деген шынайы құттықтауларын, жылы лебіздерін білдіруге мүмкіндік алды. Бұл шара «Бірлігіміз жарасқан!» ақпараттық әлеуметтік науқан аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Астанаға тілек» республикалық жастар акциясы ауқымында мүмкін болып отыр.

Акцияның негізгі мақсаты - елордамыз Астанаға бүкіл Қазақстан жастары өздерінің махаббатын, құрметін білдіруге мүмкіндік беру. Осыған орай Қазақстанның барлық 14 облысына өңірдің сәйкес кескіні бар мата жіберілген болатын. Осы матаны алғаннан кейін аймақ шенеуніктері жастар ұйымдары көшбасшыларымен бірлесіп, оны қаланың адам көп жиналатын жерлеріне орналастырды. Оған барлық ниет танытқан азаматтар өздерінің астанаға деген ізгі тілектерін жазған болатын.

Аталған құттықтауларды ел картасына топтастыру рәсіміне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков қатысып, Қазақстан жастарын Астананың 12 жылдық мерекесімен құттықтайды.

Құрамалы-жинамалы композиция 14 жеке бөліктен тұрады. Оның жалпы ұзындығы 6 метр, биіктігі 3,5 метрді құрайды. Мерекелік күн аяқталғаннан кейін аталған карта «Атамекен» этномемориалдық кешенінің ең көрнекті жеріне қойылады.

Соңғы жаңалықтар