Қазақстан "жасыл экономиканың" орнықты даму бағытын ұстанады - ҚР Премьері

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат. Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Еуропа үшін қоршаған орта» VII Жалпыеуропалық министрлер конференциясына қатысуға келген делегациялардың басшыларымен кездесті, деп хабарланды Facebook.com сайтында.

Қазақстан "жасыл экономиканың" орнықты даму бағытын ұстанады - ҚР Премьері

Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы Ян Кубиш, АҚШ, Швейцария, Чехия, Финляндия, Польша, Словения, Словакия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Жаһандық экологиялық қор және т.б. халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Толыққанды ақпаратты www.pm.kz сайтынан оқуға болады.