Қазақстан жасыл экономиканың пайдасы мен зиянын айқындап алды - Г.Вайс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жасыл экономиканың плюсі мен минусын айқындап алған ел. Бүгін Астана экономикалық форумының «Жасыл экономика: әлеуметтік инновациялар, экономикалық өсу және экология» атты панельдік сессиясы аша отырып, «Жасыл экономика үлгісіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» Еуропалық одақ/БҰҰ Даму бағдарламасы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жобасының бас техникалық кеңесшісі Генри Вайс осындай ойын жеткізді.
None
None

«Қазақстан батыл қадам жасады. Бұл ел жасыл экономиканың плюсі мен минустарын айқындап алды. Және де сол үшін тиісті реформаларды әзірлеп, оларды қабылдай бастады», - деді Г.Вайс.

Ол бүгінгі панельдік сессия барысында жасыл эколномика қандай дүниелерге кепілдік бере алатынын, ол экономикалық өсімді қамтамасыз ете ала ма деген мәселелер талқыланатын атап өтті.

«Қазақстанның жаңа экономикалық ахуалына қарай отырып, жасыл экономика мен жасыл экономикалық өсім тұжырымдамаларын іске асыруға мүмкіндік беретін салаларды айқындап алу керек», - деді Г.Вайс.

Соңғы жаңалықтар