Қазақстан Жазғы Олимпиадада 13 медаль жеңіп алуға үмітті

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан XXX Жазғы Лондон Олимпиадасында түрлі дәрежедегі 13 медаль жеңіп алуды жоспарлауда.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

«Біздің Лондон Олимпиадасында біраз үміттеріміз бар. Жалпы жоспар - 13 медаль. Оның ішінде - 3 алтын, ары қарай еншімізде күміс немесе қола медальдар болады ма, ол спорт түріне байланысты. Бірақ біздің спортшыларымыздың соңғы өткен халықаралық біріншіліктердегі дайындығын қарай отырып, оларға жоғары тапсырма да, талап та қойып отырмыз», - дейді Т. Ермегияев.

Агенттік төрағасы атап өткеніндей, ол ең бірінші ауыр атлетшілерімізге, балуандарымызға және боксшыларымызға үлкен үміт артады. Сонымен қатар әлемдік рейтингте 2-орында тұрған жеңіл атлетші қыз Ольга Рыпакова алтын алуы тиіс деп отыр.

Соңғы жаңалықтар