Қазақстан Жазушылар одағының съезі 24 қыркүйекте Алматыда өтеді
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Жазушылар одағының XIV съезі 24 қыркүйек күні Алматыда өтеді.
«2012 жылғы 24 қыркүйекте, сағат 09.00-да Қазақстан Жазушылар одағының кезекті XIV съезі өтеді. Заңда белгіленген ережеге сәйкес съезд бес жылда бір рет өтеді. Съезде қазіргі қазақстандық әдебиет дамуының бұдан былайғы бағыттары талқыланып, белгіленетін болады. Сонымен қатар, форумда жазушылардың шығармашылық қауымы түрлі мәселелерге орай өз ойларын ортаға салады. Оларды жалпылама талқыға ұсынады. Соңғы бес жылда жасалған жұмыстарға баға беріліп, алдағы бес жылға жоспар жасалады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, съезд барысында одақ төрағасы мен хатшылық құрамы сайланады.
Еске салсақ, қазіргі күні Қазақстан Жазушылар одағының 777 мүшесі бар.