Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік экономикалық форумның жариялаған есебіне сәйкес, Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 148 елдің ішінде 38-ші орынға ие болды. 2013 жылмен салыстырғанда рейтингтік көрсеткіште 5 сатыға жоғарылап, ТМД мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстанның алдында 37-ші орынға Кипр мемлекеті, ал 39-шы орынға Латвия мемлекеті орын тепкен. Ресей болса аталған көрсеткіш бойынша 50-ші орынға тұрақтады. 2014 жылғы ДЭФ рейтингісінде Финляндия, Сингапур, Швеция мемлекеттері көш бастап тұр. Айта кетейік, желілік дайындық индексі елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) даму деңгейіне байланысты анықталады және бірнеше көрсеткіштерден құралады. Осы көрсеткіштерге келер болсақ, Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 3-ші орынды иеленсе, кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділік бойынша 8-ші орында. Ал, ұялы байланыс тарифының көрсеткіші жөнінен 17-ші орынды иеленіп отыр.